Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті №23 жалпы орта білім беретін мектепте өткен «Ашық есік күні»
Хаттамасы
Күні: 26.04.2019 ж
Жиналыс төрайымы: Аязбаева З.М
Хатшы: Бактигалиева А.М
Қатысқандар:
1.Мектеп директоры: Аязбаева З.М
2.Тәрбие ісінің орынбасары:Бактигалиева А.М
3.Оқу ісінің орынбасары: Бексұлтанова Л.А
4.Әлеуметтік педагог: Қауқарова А.Ғ
5.Психолог: Салықбаева Г.А
6.Сынып жетекшілер -30
7.Қатысқан ата-аналар саны-48
Күн тәртібінде
- Ата-аналармен ашық түрде пікір алмасу
Тыңдалды:
1.Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Аязбаева Злиха Макесовна алды. Ол өз сөзінде Атырау облысы әкімі аппаратының 2019 жылғы 16 сәуірдегі №01-22-2/2824 хатын жолдай отырып, мектепті бюджет есебінен қаржыландыратын немесе мемлекеттік тапсырысты іске асыратын барлық әлеуметтік нысандарда өтілетін «Ашық есік күнін» өткізуді тапсырады. Мұнда ата-аналар өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, сол сұраққа барлық мәселе бойынша жауап алатынын айтты.Осы жерде барлық пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қатысып отыр. Осы кісілерге қоятын сауалдарыңыз болса ортаға шығып сауалдарыңызды қоюға болады.
- Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтар:
А) Сұрақ: Сөз кезегін 9-сынып ата-анасы Мамбетова Майра алды. Ол өз сөзінде мектептің артқы жағында балалар ойнайтын алаңда жарықтың жоқтығын айтты. Кешкісін балалар ойнаған кезде жарықтың түспегендігін айтып наразылығын білдірді.
Жауап: Мектеп директоры Аязбаева Злиха Макесовна былай деді. Жарықпен жарықтандыру бюджет есебінен қаралмаған. Футбол алаңы тек қана сабақ уақытында күндіз пайдаланылады деп жауап берді.
Б) Сұрақ: 4 сынып ата-анасы Шонаева Нұржауған сөз алды.Ол өз сөзінде дене шынықтыру пәніне құралдар жетіспейді ме? Өйткені баласының үйден доп алып баратынын айтты.
Жауап: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Байменова Жарқынай былай деді. Құралдардың барлығы жеткілікті. Мен үйден ешқандай доп алдыртпаймын. Себебі барлығы іште жеткілікті. Мүмкін бала үзіліс кезінде ойнау үшін алып келген болар деді.
Жауап:
Сынып жетекшісі Әділхан Арайлым өз сөзінде: допты үзіліс арасында ойнау үшін әкелетінін айтып өтті.
В) Сұрақ: Сөз кезегін ата-ана Хасанова Марал алды: Ол өз кезегінде «IQқанат» олимпиадасының ІІ туры қашан болатынын сұрады?
Жауап: Мектеп директоры бұл олимпиаданың келесі турын уақыты келгенде өзіміз хабарлаймыз деді.
Мектеп директоры Аязбаева Злиха Макесовна жиналыс соңында алдағы уақытта ІТ сынып ашылып 5- сынып оқушылары оқитынын хабарлады. Сонымен бірге, келесі оқу жылына оқушылардың оқулықтары түгелдей жеткілікті екенін айтып өтті. Бүгінгі жиналысқа қатысқан ата-аналарға уақытын бөліп келгені үшін рақметін жеткізді.
Ұсыныс:
- Әр айдың соңғы жұмасында «Ашық есік күні» ұйымдастыру қолға алынсын.
Жиналыс төрайымы: Аязбаева З.М
Хатшы: Бактигалиева А.М
«Ашық есік күнінен» фото көрініс
https://23mektepjylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/136-ashy-esik-k-ni.html#sigFreeId2ddf799e91
Мектеп парақшасына жарияланды














