"N23 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша және мектептегі мерекелер қарсаңында ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғат аясына саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертеді!

Бұл жағдай тікелей мектеп әкімшілігінің қатаң бақылауында екенін қаперлеріңізге беремін.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында:

- мектеп бітіруші түлек ретінде мектепке  сыйлық бермеу;

- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат бағалы сыйлықтар бермеу;

- бірыңғай мектеп формасын міндетті түрде сақтау;

- соңғы қоңырауда арнайы қымбат көліктерді жалға алуды болдырмау;

- кафеде отырыс жасау, жеке тұрғын-жайларда отырыс жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау  керек.

Емтихан кезінде ақша жинамау, дастархан жасамау керектігін ескертемін!

Оқушылардың сабақтан себепсіз қалмауы, сабаққа кешікпей келуі, оқушылардың әрбір жеткен жетістігі - ҰСТАЗ үшін ең қымбат "СЫЙ" деп білеміз.

Сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге әркез дайынмын.

Құрметпен: N23 жалпы орта білім беретін мектеп  директоры

Аязбаева Злиха Макесовна

Байланыс телефоны:

8 (702) 647-01-73     8(71237)2-56-91


 
ТШО компаниясының қолдауымен, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының Атырау облысы филиалының директоры Нұрманова Мейірімхан Жылкыбаевна оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сіне «Гейзер» ауыз су фильтрін табыстады.Мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды айтамыз.



 


Хабарландыру!

 

 

05-қараша күні  сағат 16:00-де мектепішілік  ата-аналар қауымдастығына  арналған   Қоғамдық тыңдаулар  өтеді.

 

 

 

Өтетін орны: АКТ ЗАЛЫ

Мектеп әкімшілігі