№23 жалпы орта білім беретін мектепте өткен «Мәңгілік тіл-мемлекеттің даму тірегі»

 атты тілдер мерекесінің онкүндігінің хабарламасы.2018-2019 жыл

           

Мектепте 10-21 қыркүйек аралығында «Мәңгілік тіл-мемлекеттің даму тірегі» атты тілдер мерекесінің онкүндігі болып өтті. Бірлестік отырысында онкүндік жоспары талқыланып,бекітілді. Аталған жоспар негізінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі өз шараларын жоғары деңгейде өткізді. 10 қыркүйек күні апталықтың ашылуы болды. Оқушылар викториналық сұрақтарға мүдірместен жауап беріп отырды. Апталықтың әр күнінде тіл мамандары өздері дайындап, ұйымдастырған іс-шараларын өткізді. Атап айтсам, 11 қыркүйек күні Муктарова Арайлым Лукпановна 10-11 сыныптар аралығында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды сайысты өткізді. Сайыста қазақ тілі, әдебиет, тарих пәндерінен сұрақтар болды. Қатысушы оқушылар өз белсенділіктерін таныта отыра қатысты. Сайыс өте қызықты, тартымды өтті. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілдер патшалығы» атты сұхбаттасу болды.12 қыркүйек күні Байсейітова Гүлзира Амангелдіқызының ұйымдастыруымен 11- сыныптарға «Латын әліпбиіне көшу дұрыс па?» атты пікірсайыс өткізді. Пікірсайысқа қатысушылар «Даттаушы», «Жақтаушы» жақ болып латын әліпбиіне көшудің дұрыс, бұрыстығын жан-жақты талқылап, өз дәлелдерін келтіре отырып, пікірлерін білдірді. Бұл пікірсайысқа қатысушы спикер Саматқызы Раушангүл, Жексенғалиев Абзал, Ерсайынова Алтынгүл, Әділқасова Мәдина белсене қатысты.13 қыркүйек күні Жанақбаева Жаңылсын Төлегенқызы 9-  сыныптарға «Who is the best?» атты сайыс өткізді. Оқушылар ағылшын тілінде сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындап отырды. Елеусинова Бибигуль  7 - сыныптарға «Знатоки русского языка и литературы» атты сайыс өткізді. Оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындап, орыс тілінде сөйлеп, өз белсенділіктерін танытты.15 қыркүйекте жас маман Сүлейменова Гүлжан «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты ашық шара өткізді. 6- сынып оқушылары тіл туралы өлеңдер мен әндер айтып, би билеп көрерменнің ықыласына бөленді. Сынып оқушылары белсене қатынасты.17 қыркүйек «We learn English» атты ашық шара 5-8 сыныптар аралығында өтті. Медиева Ғалия 18 қыркүйек күні Бекжанова Гүлбану «Если дружат люди-дружат языки» атты ашық шарасы өтті.20 қыркүйек күні «Funny English» атты шараны Жақсыбаева Мадина өткізді.19 қыркүйек «Ана тілі-асыл мұра» атты тәрбиелік шараны Байжанова Жұмагүл өткізді.Сәду Саида «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыпта эссе жаздырды.Нәтижесінде 10- сынып оқушысы Николоев Руслан «Үздік эссе» номинациясымен марапатталды. 21 қыркүйек күні «Тіл - достықтың дәнекері» атты тақырыпта апталықтың жабылуы болып өтті. Апталыққа белсене қатысқан оқушылар диплом,сыйлықтармен марапатталды.

 

                      Бірлестік жетекшісі:                         Байсейтова Г.А.

 

“Who is the best?” сайысынан көрініс

 

 

     

 

Оқушылардың топ болып мазайка құрастыру сәтінен

 

 

Ағылшын тілінде «Шалқан» ертегісінен көрініс

 

 

Достық жөнінде оқушылардың пікірлері

 

«Great Britain» тобының сұрақтарға жауап беру сәті

 

 

 

«Знатоки русского языка и литературы» сайыс сабақ

 

 

 

Тренинг өткізу сәті

 

 

«Латын әліпбиіне көшу заман талабы ма?»

пікірталас сәтінен көрініс

 

 

 

«Тіл мәртебесін ұлықтайық!» концерттік бағдарлама

 

«Ана тілім-асыл қазынам!» сайыс сабақтан көрініс