Хабарлама

 

№23 жалпы орта білім беретін мектеп бойынша  1 - қыркүйек "Білім күніне" арналған салтанатты жиын болып өтті. Мектеп алаңы салтанатты жиынға безендіріліп, мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы   белсене қатынасты. Салтанатты жиынымызға мектепті тұңғыш аттағалы тұрған бүлдіршіндер және алғашқы ұстаздары  қошеметпен ортаға шақырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жиынға енгізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын  көтеру рәсімі 11"а" сынып оқушысы Жексенғалиев Абзалға тапсырылды. Салтанатты жиынның алғашқы сөзін мектеп директоры Аязбаева Злиха Макесқызы  құттықтау сөзімен ашты. Алғашқы қоңырау салтанатты жиынға  Жаңа Қаратон кентінің әкімі аппаратының бас маманы Жұмағалиева Гүлзада Далабайқызы және ардагер ұстаз Жұмағалиева Бағытжан Есболқызы, Жылыой аудандық білім бөлімнің бас маманы Қақпанбаева Айбарша Мэлсқызы шақырылып,өз тілектерін білдірді. Сонымен қатар алғашқы мектеп табалдырығын  аттаған жас бүлдіршіндер өздерінің әндері мен өлең жолдарын  арнады. Осымен 1- қыркүйек білім күніне арналған "Сыңғырла, алғашқы қоңырау!" мерекесі өз мәресіне жетті. Салтанатты жиын аяқталған соң,  мектеп оқушылары  1 қыркүйек – Білім күніне арналған "Мен- өз елімнің  патриотымын"  атты алғашқы сабаққа қатынасты. Сонымен қатар  сынып мұғалімдері өз сыныптарында көрнекіліктерімен сабақ өткізді. Атап айтқанда, 10"а"сынып жетекшісі Ашықбаева Маржан, 3"б" сынып жетекшісі Исанова Гүлзира, 9"а"сынып жетекшісі Жанақбаева Жаңылсын, 11"а" сынып жетекшісі Байсейітова Гүлзира  көңілге қонымды жаңа үлгіде сабақ өткізді.

                            

Мектеп директоры  :                        Аязбаева З.М

 

 

"Мен- өз елімнің патриотымын" атты сабақтардан көріністер