24 ақпан 2020
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып,дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді,еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.
Осығын орай орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында,қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы негізінде 2019-2020 оқу жылындағы №23 жалпы білім беретін орта мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылайтын комиссия құрамы бекітілді.Комиссия құрамы айында бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын тексеріп,мониторинг жүргізіп келеді. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету,бракераждық және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы:
1.З.М.Аязбаева - мектеп директоры,комиссия төрайымы
2.З.У.Бурашева-тәрбие ісі орынбасары ,мүше
3.Г.Т.Кашабаева -әлеуметтік педагог,мүше
4.С.А.Джумабекова-медбике,мүше
5.О.Н.Никалаева-ата-ана төрайымы,мүше














